Каратөбе аудандық соты

«Қайырымдылық қадірлі іс»

18/03/2024

«Қайырымдылық» - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, мемлекет көлемінде жүргізіліп жатқан сауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы.  Әрі қоғамға қайырымдылық көрсету -  жанашырлық мен қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруда, қайырымдылық мәдениетін сіңіруге бірден бір амалды іс.

Қаратөбе аудандық соты да бұл шарадан тыс қалмады.  Республикалық жоспар аясынды жалғыз басты қарт анаға көмек көрсету мақатында, көктемгі қар еруі науқанына дайын болуы үшін  қардан  ауласын тазалауға қолғабыс етілді.

Некені бұзу туралы даулар бойынша медиацияның қолданылуы

11/10/2017

Қаратөбе аудандық соты неке бұзу туралы сегіз азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты. Айтып өту керек, медиация  тараптардың келісуімен теңқұқылық, еріктілік   принциптері негізінде және ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарына сай медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы негізінде жүзеге асады.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

14/04/2016

Аудан тұрғыны өзін Ч-тың ұрып-соққанын, осыған байланысты оны ҚР ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрап,  Каратөбе аудандық сотына жүгінген.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы жәбірленушіні ұрып, денсаулыққа қасақана жеңіл дене жарақатын келтірген.