Некені бұзу туралы даулар бойынша медиацияның қолданылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Қаратөбе аудандық соты неке бұзу туралы сегіз азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты. Айтып өту керек, медиация  тараптардың келісуімен теңқұқылық, еріктілік   принциптері негізінде және ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарына сай медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы негізінде жүзеге асады.

Істі сот талқылауына  дайындау барысында  сот азаматтық іс жүргізу кодексінің 165-бабының 16-тармағына сәйкес тараптарға дауды бітімгершілік келісім, медиация тәртібімен, болмаса дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеудің мүмкіндіктері туралы хабарламалар жолданып,  оның құқықтық салдары түсіндірілді.

Бір азаматтық іс бойынша тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы өтінішпен жүгініп, ұсынылған келісімнің шарттарына бойынша, екі жақ некені сақтап қалуға шешім қабылдағандары анықталды.

Жеті азаматтық іс бойынша кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен тараптар медиативтік келісімдер жасады. Келісім бойынша тараптар жанұяны сақтап қалу үшін бар жағдайлар жасауға міндеттенді.

Сот барлық істер бойынша келісімдердің шарттарының  мазмұнын зерделеп, заңға қайшы келмейтінін және де үшінші тұлғалардың еркіндігі, теңдігі  бұзбайтындығын ескеріп  бекітті. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
Пікірлер мен ұсыныстар