Жәнібек аудандық соты 3 айдың жұмыс қорытындысына арналған брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Жәнібек аудандық соты «Шұғыла» газетінің тілшісінің қатысуымен 2017 жылдың 3 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифингте сот төраға м.а. Н.Жұмәлі 2017 жылдың 3 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, қылмыстық істер бойынша сот өндірісіне 6 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс түсіп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5 (9/9) іске азайған айтты.

Есепті мерзімде барлығы 29 (21) азаматтық іс аяқталған. Арыздардың басым бөлігі аудан тұрғындарынан келісім шарт міндеттелелерінен туындайтын даулар және некені бұзу туралы істер құрайды. Медиаторлардың қатысуымен 4 азаматтық іс бойынша медиациялық келісім жасалған. «Сот кабинеті» электрондық сервис арқылы 33 талап арыз қабылданған.

Аталған есепті мерзімде аудандық сотта түсіп, қаралған 74 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің 53 ісі бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы қабылданған. 21 іс бойынша іс жүргізу қысқартылып, оның ішінде 20 іс тараптардың татуласуымен байланысты қысқарған.

Сот төрағасының м.а. Н.Б.Жұмәлі негізгі жұмыстан басқа сот жүйесі имиджін көтеру мақсатында аудандық сот тұрақты негізде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен, БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіп, «дөңгелек үстел», «ашық есік күндері» және басқа да шаралар өткізіліп тұратынын айтты.

Брифинг соңында сот төрағасы міндетін атқарушы  БАҚ өкілінің  сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі