Зеленов аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық сотында «Пробация қызметінің материалдары мен ұсыныстарын рәсімдеуі және сотқа ұсыну мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған шараға Зеленов аудандық сотының судьясы А.Тюлегенов және кеңсе мамандары, аудан прокурорының аға көмекшісі С.Мустафин және №1 Зеленов аудандық пробация қызметінің өкілі А.Байбулатов қатысты.

Судья А.Тюлегенов өз сөзінде пробация қызметінің өкіліне материалдарды жинауда сапасы мен толықтығына аса назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, ҚР ҚК, ҚІЖК және ҚАК талаптарын сақтауды көрсетті.

Аудан прокурорының аға көмекшісі К.Мустафин материалды жинауда сотталушы туралы мінездемені, соның ішінде оның өмір  сүру жағдайын көрсетіп, отбасы-тұрмыстық жағдайын  және т.б. толық ақпараттың қамтылуы қажет екенін ескертті.

Іс-шара аталған тақырыптағы маңызды мәселелерді талқылаумен аяқталды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі