Жаңалықтар

Жасөспірімдермен кездесу өтті

23/04/2024

Кәмелетке толмағандардың психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау мақсатында Шыңғырлау аудандық сотының судьялары Л.Клышев атындағы Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Сот төрағасы С.Оразғалиева жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы айтып, сот практикасынан мысалдар келтіре отырып, есірткі заттарын тұтынудың зияны мен салдары туралы түсіндірді.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту

23/04/2024

Сырым аудандық сот  әкімшісімен  «Сырым аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен  «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге Сырым аудандық соты әкімшісінің  аға сот приставы И.Садыков   және «Сырым аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері  қатысты.

Судьяларды тағайындау

23/04/2024

Бүгін облыстық соттың төрағасы Р. Мырзакәрім сот ұжымына 19.04.2024 жылғы Қазақстан Республикасы  Президентінің № 523 Жарлығы негізінде жаңадан тағайындалған судьялар А.Халеловты, Қ.Хайрушеваны, Р.Демеуовты, А.Кадисовты, Ж.Сағынбаеваны және А.Халыкованы таныстырды.

Сондай-ақ, отырысқа алқа төрағалары, облыстық сот судьялары, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары мен төрағалары бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Судьяға алғыс айтылды

22/04/2024

Батыс Қазақстан облыстық сотына "Сот кабинеті" АЖ-і арқылы азамат М. Фомичевтен алғыс хат келіп түсті.

Хаттың авторы азаматтық істі жан-жақты және әділ қараған Орал қаласы № 2 сотының судьясы Г. Мусауроваға үлкен алғысын білдіруде.

Ол хатында "оқу кезеңіне алимент өндіріп алу"туралы талап  қарағаны үшін судьяға алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік пен табыс тілеген.

Баспасөз хабарламасы

19/04/2024

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Ш.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуда кінәлі деп тапты / ҚК-нің 99-бабыныі 1-бөлігімен/.

1 қараша 2023 жылы шамамен 00.30 сағатта Орал қаласының тұрғыны Ш. алкогольдік мас күйде бола тұра, өзінің анасы Ш.-мен сөзге келіп, соның барысында аңшылық пышақпен жәбірленушінің оң жақ кеуде тұсына бір рет тікелей соққы жасап, нәтижесінде соңғысы келтірілген пышақ жарақатынан оқиға болған жерде қайтыс болған.

БҚО МАӘС полиция қызметкерлерінің тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіруге көмектесті

19/04/2024

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына полиция Департаментін тұрғын үй төлемдерін төлеуге мәжбүрлеу туралы талап қоюлармен полиция қызметкерлері жүгінді.

Іс материалдарына сай, полиция Департаментінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен, қызметкерлердің меншігінде ипотекалық тұрғын-жайы болуына орай, тұрғын үй кезегіне алудан, тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартылған.

Мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

19/04/2024

Бөкей ордасы аудандық сотында төрағалық етуші судья О.Миралиевтің, аудандық прокуратура және аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырыста аудандық соттың төрағасы О.Миралиев отырысты бастап ашып, мемлекеттік қызметте жүрген тұлғаларға тілдің қолданылу аясын кеңейту және мемлекеттік қызмет салаларында іс-қағаздарын ана тілімізде жүргізу, жаппай мемлекеттік тілімізде сөйлеу қатаң бақылауға алыну керектігі жөнінде айтты.

Сотқа дейінгі хаттама жасап, іс тоқтамға алынды

18/04/2024

Тасқала аудандық сотына азамат «Н-ның» азамат «А-ға» 270 000 теңге  мөлшерінде берешек сомасын өндіру туралы талап коюы түсті.

АПК-нің 150-бабына сай,  татуластырушы-судья тараптарға шақыру жібере отырып, тараптарға дауды соттың қатысуынсыз, медиаторлардың, адвокаттардың, нотариустардың қатысуымен, сондай-ақ дауды медиация тәртібімен реттеу  туралы келісім жасай отырып, сонымен бірге сотқа дейінгі хаттаманы әзірлей отырып шешу құқығын, татуластырудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.

Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

18/04/2024

Ішкі істер органы қызметкерінің масаң күйге куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны аяқталған әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Жүргізушілердің ішкі істер қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату және масаң күйді тексеруге медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабын орындау міндеті осы бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамының міндетті белгілері болып табылады.

«Істерді оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қарау»

17/04/2024

Орал қаласының №2 сотында «Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының м.а. Г.Суханова және судьялар қатысты.

Оңайлатылған істердің сот тәжірибесінде біркелкі қолдануды және заң нормаларына еңгізілген өзгерістерге сай қаралуын қадағалау, іс жүргізу тәртібімен қарау бойынша судья Б.Басырбаев баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 3 айында оңайлатылған тәртібімен 639 азаматтық іс қаралғанын және жалпы істердің санынан 44% құрайтынын атап өтті.

Беттер