БҚО МАӘС полиция қызметкерлерінің тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіруге көмектесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына полиция Департаментін тұрғын үй төлемдерін төлеуге мәжбүрлеу туралы талап қоюлармен полиция қызметкерлері жүгінді.

Іс материалдарына сай, полиция Департаментінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен, қызметкерлердің меншігінде ипотекалық тұрғын-жайы болуына орай, тұрғын үй кезегіне алудан, тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартылған.

Полиция қызметкерлері сотқа жүгініп, полиция Департаментінде инспектор лауазымын атқаратындарын, комиссия шешімімен келіспейтіндерін, тұрғын үйлерін ипотекаға сатып алғандарын, ай сайынғы несие төлемін төлейтіндерін, өздерін тұрғын үйге мұқтаж деп танып, жұмыс берушіні тұрғын үй төлемдерін төлеуге мәжбүрлеуді сұрады.

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімдерімен  Департаменттің тұрғын үй комиссиясының шешімін тексеріліп,   «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 101-5-бабының 3)тармағына сәйкес талапкерлер Департаменттен тұрғын үй төлемдерін алып, бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу мақсатында пайдалануға құқытары бар деп таныды.

Сот полиция Департаментін үй төлемдерін тағайындау туралы қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеді.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: