Жасөспірімдермен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кәмелетке толмағандардың психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау мақсатында Шыңғырлау аудандық сотының судьялары Л.Клышев атындағы Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Сот төрағасы С.Оразғалиева жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы айтып, сот практикасынан мысалдар келтіре отырып, есірткі заттарын тұтынудың зияны мен салдары туралы түсіндірді.

Судья Н. Еркібеков өз сөзінде оқушылар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын медициналық емес тұтыну, оларды дайындау, насихаттау немесе заңсыз жарнама, заңсыз айналым, ұрлау не бопсалау, тұтынуға көндіру, құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру халықтың денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жататынын біліп, бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Іс-шара соңында судьялар қойылған сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысқан оқушыларға алғыстарын білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі