Баспасөз хабарламасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Ш.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуда кінәлі деп тапты / ҚК-нің 99-бабыныі 1-бөлігімен/.

1 қараша 2023 жылы шамамен 00.30 сағатта Орал қаласының тұрғыны Ш. алкогольдік мас күйде бола тұра, өзінің анасы Ш.-мен сөзге келіп, соның барысында аңшылық пышақпен жәбірленушінің оң жақ кеуде тұсына бір рет тікелей соққы жасап, нәтижесінде соңғысы келтірілген пышақ жарақатынан оқиға болған жерде қайтыс болған.

Прокурор  Ш.-ға түпкілікті  11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші  тарапы сотталушыға жаза тағайындауды соттың қарауына қалдыратынын айтты.

Қорғау тарапы сотталушыға ең төменгі жазаны тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты.

ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігінің санкциясында  8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сот үкімімен Ш. өзіне тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды.

Жаза тағындауда, сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және қылмыстық құқықбұзушылық жеке адамға қарсы қылмысқа жататынын, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жәйларды ескерді.

Заңның осы талаптарын негізге ала отырып, сот Ш.-ға  Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен 10 (он) жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.   

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Жәбірленушіден талап арыз түскен жоқ.

Сот үкімі 2024 жылдың 27 наурызында заңды күшіне  енді.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: