Сотқа дейінгі хаттама жасап, іс тоқтамға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тасқала аудандық сотына азамат «Н-ның» азамат «А-ға» 270 000 теңге  мөлшерінде берешек сомасын өндіру туралы талап коюы түсті.

АПК-нің 150-бабына сай,  татуластырушы-судья тараптарға шақыру жібере отырып, тараптарға дауды соттың қатысуынсыз, медиаторлардың, адвокаттардың, нотариустардың қатысуымен, сондай-ақ дауды медиация тәртібімен реттеу  туралы келісім жасай отырып, сонымен бірге сотқа дейінгі хаттаманы әзірлей отырып шешу құқығын, татуластырудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.

Татуластырушы-судья тараптарға шақыру жібере отырып, тараптарға дауды соттың қатысуынсыз, медиаторлардың, адвокаттардың, нотариустардың қатысуымен, сондай-ақ дауды медиация тәртібімен реттеу  туралы келісім жасай отырып, сонымен бірге сотқа дейінгі хаттаманы әзірлей отырып шешу құқығын, татуластырудың артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.

Көрсетілген мерзімде тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеуге байланысты азаматтық іс бойынша  медиация келісімі және іс жүргізуді тоқтамға алу туралы арыз түсті. Медиация келісімі бойынша талап қоюшы «Н»  талап қоюды 200 000 теңгеге дейін азайтып, талап қоюдан  бас тарту, ал жауапкер «А»  талап қоюды бойынша қарыз сомасын мойындап, қарызды екі траншпен өтеуге міндеттенетіні туралы көрсетілген.

Татуластырушы-судья сотқа дейінгі хаттаманы және медиация келісімін зерттеп, ол заңға қайшы келмейді, ешкімнің құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайды деген қорытындыға келіп, азаматтық іс бойынша өндірісті  тоқтамға алу туралы ұйғарым шығарды.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі