«Істерді оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қарау»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының №2 сотында «Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасының м.а. Г.Суханова және судьялар қатысты.

Оңайлатылған істердің сот тәжірибесінде біркелкі қолдануды және заң нормаларына еңгізілген өзгерістерге сай қаралуын қадағалау, іс жүргізу тәртібімен қарау бойынша судья Б.Басырбаев баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 3 айында оңайлатылған тәртібімен 639 азаматтық іс қаралғанын және жалпы істердің санынан 44% құрайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, оңайлатылған істер бойынша шешімдердің күшін жоюының себебі, жауапкердің талап арыздың түскені жөнінде хабарламаны алмауынан екенін атап өтті.

Осыған орай, сот хабарлау тәсілдерінің кез-келген шаралардың қолжетімді байланыс құралдарын қолдануды  және хабарламаны талап арыздағы жауапкердің көрсетілген нөмірлеріне түпкілікті қабылдағанға дейін бақылау жасауды ұсынды.

Семинар соңында көтерілген мәселелер талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу болды.

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі