Заңсыз балық аулағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақжайық аудандық №2-ші сотында Тайпақ ауылының екі тұрғынын Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде екі әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша аталмыш азаматтар Жайық өзенінде сүзбе ауды тарту үшін жеке қолдан жасалған ағаш қайығымен балық аулап жүрген жерінен, 25 келі табан балықтарымен ұсталған, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот мәжілісінде екеуі де кінәларын мойындап, отбасының жағдайын ескеруді сұрады.

Сот қаулысымен құқықбұзушылар кінәлі деп танылып, 31 766 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі