Түркістанда топ жарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жасының жетпістен асқанына қарамастан тұғырынан таймай боз кілемді шаңдатып жүрген самбо күресінен әлем және бірнеше дүркін республика чемпионы, “Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері”, доғарыстағы судья Қуаныш Әбуов үстіміздегі 12 – 14 мамыр күндері Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен республика біріншілігінде тағы да жеңіс тұғырына көтеріліп, он екіші мәрте алтыннан алқа тақты. Сөйтіп атақты палуан енді алдағы шілде айында Францияда болатын дзюдошылардың, қараша айында Грецияда өтетін самбошылардың әлем чемпионатына жолдама алды.

Айта кетейік, күнінде 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен самбошы Қ.Әбуовтың жасы ұлғайған сайын салмақ категориясы жеңілдей түскен. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Орал қаласында өткен самбодан спорт шеберлері арасындағы аймақтық ашық чемпионатта 82 келі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілсе, Түркістан қаласында өткен республика біріншілігінде 74 келі салмақта топ жарды.

Осы жарыста жалпы командалық есепте батысқазақстандық 20 ардагер самбошының барлығы да жүлдесіз оралған жоқ.  7 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль иеленіп, командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі