Жаңалықтар

Мектеп оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

29/04/2024

Жәнібек аудандық сотының судьялары кәмелетке толмағандардың есірткілік психотроптық заттарды, прекурсорларды және олардың аналогтарын заңсыз таратудың алдын –алу  мақсатында жалпы білім беретін мектептерге барып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жәнібек аудандық сотының судьялары сәуір айында Ақоба, Ұзынкөл, Тау, Қамысты, Күйгенкөл ауыл округтерінде 9-11 сынып оқушыларына, нашақорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Батыс Қазақстан облыстық сотында мемлекеттік қызметкерлер үшін тимбилдинг өтті

29/04/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің персоналды басқару бөлімімен ұйымдастырылған психологиялық тимбилдингке департамент басшысының орынбасары Э. Темирниязова, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің тиімділігін арттыру, еңбек ұжымы ішіндегі ынтымақтастықты жақсарту, ұйымшыл команда құру және қызметкерлердің ынтасын арттыру.

Сот процесінде аудио-бейнежазба құралдарын қолдану бойынша семинар өтті

26/04/2024

 

БҚО МАЭС-да сот әкімшісі және сот мамандарының қатысуымен «Аудио-бейнежазбасы қолданылған сот отырысы хаттамасын жасақтау тәртібі» тақырыбында сот процестерінде аудио-бейнетіркеу жүйесін сапалы қолдану, сот отырысының уақытылы басталуы, сондай-ақ АБТ жүйесін қолдана отырып сот процестерін тағайындау мен өткізу бойынша есепті қалыптастыру мәселелерін зерделеу мен талқылау мақсатында семинар  өтті.

Оқушыларға ашық есік күні өткізілді

26/04/2024

2024 жылғы 23-24 сәуір күндерінде Тасқала ауданды соты әкімшісінің басшысы М.Темиргалиева ашық есік күні аясында КММ «Сәулет» лицейінің, «Мерей орта мектебі» КММ және «Айнабұлақ орта мектебі» КММ-нің оқушылары үшін «Сот жүйесімен танысамыз!» тақырыбына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында «Төрелік» сот ақпараттық жүйесімен,сондай-ақ «Сот кабинеті» сервисі, сот процестерін аудио-бейне жазу жүйесімен жабдықталған сот отырысы залдарымен және сот мұрағатымен таныстырды.

Аудандық сотта ашық есік күні өтті

26/04/2024

Казталов аудандық сотында ашық есік күні өтті.

Бұл күні сотқа А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары келді.

Аталған шараның ресми бөлігі сот мәжілісі залында өтіп, сот төрағасының м.а Б.Жангирова қатысушыларды қарсы алды.

Спикер өз сөзінде сот жүйесінің қызметі туралы, қолданыстағы жаңа технологиялар, медиация туралы, бұдан басқа,   оқушыларды кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктерімен, жасөспірімдердің қылмыс жасау салдарымен таныстырды.

Сот төрағасын құрметті доғарысқа шығарып салды

26/04/2024

Казталов ауданының әкімі А. Саркулов салтанатты жиын барысында Казталов аудандық сотының төрағасы У. Мухангалиеваны құрметті доғарысқа шығуымен құттықтады.

Жиынға қатысушылар жылы лебіздері мен тілектерін айтып, әсіресе, адал және мінсіз қызметі, кәсіпқойлығы, терең білімі мен тәжірибесі үшін ризашылық пен алғыстарын білдірді.

Судья Б. Жангирова  сот ұжымы атынан өз әріптесіне мықты денсаулық, алдағы істері мен игі бастамаларына табыс тіледі.

Судьялардың құрметті отставкаға кетуі

26/04/2024

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  А. Избасаров салтанатты жиында  Казталов аудандық сотының төрағасы У.Мухангалиева  мен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  Ш. Зайнуллинаны зейнеткерлікке шығуымен құттықтады.

Мемлекеттік тілде құжат алмасу бойынша семинар

25/04/2024

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Бурамбаев салық органдары өкілдеріне «Мемлекеттік тіл сот жүйесінде. Кіріс-шығыс хат-хабарларды мемлекеттік тілде жолдау» тақырыбында семинар өткізді. 

Іс-шараға БҚО МАӘС мамандары мен Орал қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

А.Бурамбаев өз сөзінде, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы қажет екендігін түсіндіріп өтті.

Кішкентай баланың денесіне зақым келтірген

25/04/2024

Бәйтерек ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-1 бөлігімен азамат «Ф»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Беттер