Теректі аудандық №2-ші соты бұйрық өндірісіндегі 25 арызды электронды форматта қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 17 шілде күнінен бастап Республика соттарында азаматтық  іс жүргізу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау  енгізілді.

Енгізілген жаналық арызды тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.

Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады және оның атқарушылық күші бар. Сот бұйрығын шығару талаптары ҚР АПК-нің 135 бабында қарастылып, 18 тармақшадан тұрады.

Сонымен, Теректі аудандық №2-ші сотында 2017 жылдың 9 айында  41 іс бұйрық арқылы іс жүргізумен аяқталып, соның ішінде кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы сот бұйрығын шығару бойынша  азаматтық іс жүргізуде 1 арыз,  автокөлік салығын өндіру туралы 24 арыз  электронды форматта қаралды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі