Сотта ҮЕҰ-дың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық сотында «Дауларды  медиация  тәртібімен сотқа дейінгі реттеудің  тиімділігі» және «Қазақстандағы гендерлік теңдік» тақырыптарында дөңгелек үстел өтті.

Шараға ардагерлер кеңесінің,  аналар кеңесінің, әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы аудандық бөлімшесінің, жастар ресурсы орталығының, БАҚ  өкілдері қатысты.

Тақырыпты талдау барысында төрайым Бахтигуль Жангирова азаматтық істермен медиация рәсімдерін қолдануға қажет болатын даулар (жанжалдар) санаттарын түсіндіріп, қатысушыларды татуласу рәсімдерінің тиімді тұстарын халық арасында терең бағытта насихаттауға шақырды.

Екінші тақырып бойынша спикер  қазіргі уақытта ерекше назар әйелдерге қатысты зорлық зомбылыққа қарсы күреске аударылып отырғандығы, себебі дәл осы мәселеде қоғамдағы гендерлік теңсіздік орын алады деп атап өтті.

 «Гендерлік саясаттың міндеті билік құрылымдарында ерлер мен әйелдердің тең қатысуы, экономикалық даму үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету,  қызметте өсу мен өз бизнесін дамыту, отбасындағы құқықтар мен міндеттерді тең іске асыру үшін мүмкіндіктер жасау болып табылады»,- деді Б.Жангирова.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар аталған тақырыптар бойынша өз пікірлерін ортаға салып, медиацияның тиімді тұстарын және гендерлік теңдік стратегиясын  халық арасында кеңінен насихаттау үшін, кездесулер өткізіп; түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін айтты.

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі