БҚО Қаратөбе аудандық соты

Өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібі.

08/06/2023

Қаратөбе аудандық сотында сот әкімшісі С.Жаролла, аға сот приставы Н.Ідір, күзетшілер А.Сарсенгалиев, А.Ғабдолов және Қ.Бактыгереевтың қатысуларымен өткізу режимі және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сапасын арттыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Дөңгелек үстел жиынында сот ғимаратына кіріп-шығу, келген азаматтарды тіркеу ережелерін сақтау, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметкерлердің сот процесіне қатысушылармен процессуалдық емес қатынастарға түспеу мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік міндет» атты дөңгелек үстел өкізілді

29/12/2022

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында Қаратөбе аудандық сотының аға сот приставы Н.Ердибековтың Қаратөбе ауданының округ әкімдерінің және мемлекеттік кірістер  басқармасы қызметкерінің қатысуымен аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік міндет» атты дөңгелек үстел өкізілді.

Шараның мақсаты  құқықтық сауаттылықты арттырып, сыбайлас жемқорлық  қылмыс түрлерімен танысу. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және  заң талаптарын қатаң сақтау.

Жүргізуші жазаға тартылып және көлік құралын басқару құқығынан айырылды

28/01/2022

Қаратөбе аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 608 б. 1 б. бойынша көлік құралын масаң күйде басқарған үшін, азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Іске сәйкес, азамат Р. 2021 жылдың  желтоқсан айының 17 күні  кешкі 01:44 сағатта Саралжын ауылында,   алкогольдік масаң күйде «Газ-3302» маркалы автокөлікті  масаң күйде басқарған, осылайша ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған. 

Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындап,  медициналық сараптаманың қорытындысын дауламады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолдану мәселелерін талқылау, түсіндіру бойынша семинар.

31/08/2021

 Қаратөбе аудандық сотының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 тамыз күні онлайн форматта Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті  қолдану мәселелерін талқылау, түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинарға аудан прокуроры,  жергілікті полиция бөлімінің бастығы, аудан әкімі аппаратының заңгері және де жергілікті бөлім басшылары қатысты.

Семинардың мақсаты-Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы No 350-VI Әкімшілік  рәсімдік-процестік кодексін талқылау және түсіндіру.

Сотта ҚР заңнамаларына енген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өтті

15/01/2020

Қаратөбе аудандық сотында Қылмыстық кодекске, қылмыстық–процестік кодекске және  ҚР ӘҚБтК-не енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар  өтті.

 Семинарға судья Олжас Миралиев, аудан прокуратурасының прокуроры Ерік Нұрмағанбетов, ішкі істер бөлімі бастығы Қайрат Хасенов, полиция бөлімінің  және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Тараптар арасындағы дау татуласу келісімімен шешілді

14/11/2019

Қаратөбе аудандық сотында «Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің жауапкерден  атаулы әлеуметтік көмек ретінде  төленген 104988 теңгені өндіруді сұраған талап арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды.

«Виртуалды сот» жобасын іске асыру

06/11/2019

Қаратөбе аудандық сотымен 2019 жылдың 10 айында «Виртуалдық сот» жобасы аясында бейнеконференцбайланыс арқылы  сот ҚР ҚПК –нің 106 бабы бойынша  қылмыстық қудалау органының шешіміне жасалған 1 шағымды күдіктінің, адвокаттың, 1 әкімшілік істі адвокаттардың және 2 азаматтық іс  талап қоюшының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, атқарушы органның өкілдерінің қатысуымен қаралды.

Беттер