Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік міндет» атты дөңгелек үстел өкізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мәжіліс залында Қаратөбе аудандық сотының аға сот приставы Н.Ердибековтың Қаратөбе ауданының округ әкімдерінің және мемлекеттік кірістер  басқармасы қызметкерінің қатысуымен аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік міндет» атты дөңгелек үстел өкізілді.

Шараның мақсаты  құқықтық сауаттылықты арттырып, сыбайлас жемқорлық  қылмыс түрлерімен танысу. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және  заң талаптарын қатаң сақтау.

Дөңгелек үстел жиыны барысында аға сот приставы Н.Ердибеков  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңыңының талабы туралы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің сот жүйесінде жүзеге асырылуы жөнінде және сыбайлас жемқорлық қылмыс түрлері туралы баяндама жасады.

Шара аясында орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері қатысушыларға «Азаматтық қоғам және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»  атты кітап көрмесін таныстырды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі