Сотта іс - қағаздарын жүргізу Қағидаларын талқылау туралы семинар өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық сотында  сот әкімшісі басшысы С.Жаролланың  және сот әкімшісі мамандарының қатысумен «Іс- қағаздарын жүргізу қағидаларын талқылау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Сот әкімшісі С.Жаролла  баяндамасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізу қағидаларының қарапайым нормаларын сақтамауы, сондай-ақ өзінің функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарау сияқты теріс әрекеттердің   алдын алу үшін семинар сабағының мақсаты сотта іс жүргізу қағидаларын  талқылау екенін атап өтті.

Шара барысында,  іс- қағаздарын жүргізу қағидалары бойынша хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тіркеу және бөлу, шығыс хат-хабарлармен құжаттарды ресімдеу және жіберу тәртібі, сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу, сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазбаға қол жеткізу тәртібі, құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарының  тармақтары талқыланды.

Семинар соңында сот әкімшісі сот мамандарына іс - жүргізу қағидаларының талаптарын сақтауды, функционалдық міндеттері бойынша адал және сапалы түрде жұмыс істеуді тапсырды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі