Архив событий

24/08/2017

Неке бұзу туралы іс медиация тәртібімен қысқартылды

24/08/2017

Жәнібек аудандық соты аудан тұрғының некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қысқартты.

Арызда ерлі-зайыптылар бірге тұрмайтындарын,  ортақ мүлікке қатысты дау жоқ екендігін, араларында балаларының  жоқ екендігін көрсетіп, өз-ара түсініспеушіліктің болуы салдарын араларындағы некені бұзуды сұраған.

Көлікті тоқтату туралы талаптарды орындамағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

24/08/2017

Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік соты Орал тұрғынына қатысты полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау белгісі бойынша әкімшілік істі қарады.

Жүргізуші автокөігін басқару барысында, полиция қызметкерінің дауыс күшейткіш құрылғысының көмегімен сигнал беруі арқылы көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамай, ҚР Жол жүргізу қағидасының 2.1.2 тармағын бұзды.

Сот, аталған азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.