Өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібі.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық сотында сот әкімшісі С.Жаролла, аға сот приставы Н.Ідір, күзетшілер А.Сарсенгалиев, А.Ғабдолов және Қ.Бактыгереевтың қатысуларымен өткізу режимі және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сапасын арттыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Дөңгелек үстел жиынында сот ғимаратына кіріп-шығу, келген азаматтарды тіркеу ережелерін сақтау, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметкерлердің сот процесіне қатысушылармен процессуалдық емес қатынастарға түспеу мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, бірлескен жұмыстардың тиімділігі жөнінде айтып, қауіпсіздік шараларын күштейтуді жалғастыратындарын жеткізді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі