Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің үлесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотында «Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

            Іс-шараға Орал қалалық соты әкімшісінің басшысы Б.Каженов және сот мамандары, Орал қалалық прокуратурасының бөлім басшысы С.Зихруллаев, Орал қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі А.Баймуханова  және прокуратура органдары мен пробация қызметі өкілдері қатысты.

            Шараның негізгі мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің жұмысындағы мәртебесін көтеру.

            Сот әкімшісінің басшысы Б.Каженов дөңгелек үстелді ашық деп жариялап,  мемлекет тарапынан тілді дамыту жолдарында көптеген шаралар атқарылып жатырғанын, мемлекеттік тілді қолдану, қаралатын істердің саны мен сапасын қазақ тілінде арттыру қажеттігін көрсетті.

           Сонымен қатар, сот әкімшісінің басшысы прокуратура органынан түсетін қылмыстық істерге, пробация қызметінен түскен материалдарға статистикалық деректерді келтіре отырып, оларды мемлекеттік тілде сотқа жіберудің пайыздық арақатынасын арттыру қажеттігін атап өтті.

          Шара барысында мемлекеттік тілдегі материалдарды сауатты құрастыру мәселелері талқыланды.

         Шара соңында, туындаған мәселелер бойынша қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.

 

 

 

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі