Сот өтінішті қарау тәртібінің бұзылу фактісін анықтап, мемлекеттік мекеменің әрекетін заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының № 2 соты азамат Л-ның өтінішіне мәні бойынша жауап бермеу фактісі бойынша мемлекеттік мекеменің әрекеттерін заңсыз деп танып, мемлекеттік бажды және өкілдің қызметіне кеткен шығындарды өндірді.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, жауапкер "ҚР ІІМ БҚО ІІД Орал қаласы ІІБ" ММ-нің тарапынан "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңда бекітілген өтініш берушінің өтінішін қарау тәртібінің бұзылуы орын алған.

Заңның 8-бабына сәйкес, қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу, не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке немесе заңды тұлғаның өтініші 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қосымша ақпарат алу талап етілетін жүгіну, субъектіге, лауазымды тұлғаға түскен күннен 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.

Сотқа электрондық құжат айналымы карточкаларының көшірмелері, сондай-ақ, өз кезегінде «Электрондық үкімет" порталында орналаспаған өтініш берушіге жолданған жауап ұсынылды, жіберілетін құжаттың күні және нөмірі орындау құжаттың нөміріне сәйкес келмейді, карточкада жауапты өтініш иесіне жіберген және табысталған туралы белгі жоқ.

Құжат айналымы Ережелерінің 21-23 т. сәйкес, электрондық құжаттардың есеп жүргізуін және орындалуын бақылауды электрондық тіркеу бақылау карточкаларын пайдалана отырып, мемлекеттік органның қызметкерлері жүзеге асырады, электрондық құжаттардың орындалу мерзімдері қағаздағы құжаттардың орындалу мерзімдеріне сәйкес келеді.

Сонымен қатар, істі қарау сәтінде бұзылған құқығы қайта қалпына келтірілмеуіне байланысты, сот өтініш берушінің талаптары негізді деген тұжырымға келіп, оның өтініші бойынша жауап беруге міндеттеп, ал аталған шығындар "БҚО ІІД Орал қаласы ІІБ" ММ-нен өндірілуге жататындықтан, сот шығындарын ҚР қаржы Министрлігінен өндіріп алу бөлігін қанағаттандырудан бас тартты.

Сот, заңнама бұзу факті сот тарапынан ескерусіз қалуы мүмкін емес деп шешті және БҚО ІІД атына тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін және алдағы уақытта осындай заң талаптарын бұзуға жол бермеу мақсатында жеке ұйғарым шығарды.

Жекеше ұйғарымға қызметтік тексерудің нәтижелері бойынша ІІБ-ның КҚПБ кеңсесінің және Орал қ. ІІБ қызметкерлерін өтінішке жауапты тіркеу барысында жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы жазбаша жауап келіп түсті.

 

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі