Сот ісін жүргізудің кез-келген сатысында татуластыру рәсімін қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық сотына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан аудан тұрғындарынан мұраға енуді мәжбүрлеу және қарыз сомасын мерзімінен бұрын өндіру туралы екі талап арызы түсті.

Қоғамда дауды азайту, халық арасында татуласу рәсімін дамыту және құқықтық сауаттылықты көтеру мақсатында ост талқылауы барысында тараптарға істі татуластыру рәсімін қолдану арқылы қысқарту туралы түсіндірілді. Сонымен қатар тараптарға дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу және келісім жасасудың  тәртібі, салдары және артықшылықтары түсіндірілді.

Татулстыру рәсімін қолдану нәтижесінде сот екі іс бойынша өндірісті қысқарту туралы ұйғарым шығарды. Бір іс бойынша дауды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тараптар әңгімелесу сатысында татуласты. Екінші істі мәні бойынша қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Сот мемлекеттік бажды қайтару бойынша  азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормасын сақтады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі