Ортақ мүлікті бөлу туралы дау сотқа дейін реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық сотына некеде тұрған кезде жиналған мүлкті бөлісу туралы талап арызымен аудан тұрғыны жүгінді.

Татуласу рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау шеңберінде сот арызды сот өндірісіне қабылдаған соң, тараптарға азаматтық істі сотқа дейін реттеу мүмкіндігі туралы хабарлама жолдады.

Тараптар пилоттық жобаға қатысуға ниеттерін бідіріп, медиативтік келісімді ұсынып, оны бекіту туралы арызымер сотқа жүгінді.      Сот, аталған келісімді зерттеп, оны бекіту туралы ұйғарым шығарып, іс бойынша өндірісті қысқартып, талап арызды берген кезде төленген мемлекеттік бажды қайтарды.

        

       

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі