Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық соты «Жәнібек Саулет» ЖШС-нің  156 652 теңге берешек соманы және 4 700 теңге мемлекеттік бажды  өндіріп беру   туралы  азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады.

АПК-нің  146 б. 3 б. сай, жауапкерге хабарлама жолданып, қойылған талап бойынша түсініктемелерін, дәлелдемелермен басқа да құжаттарды, өз  ұстанымдары бойынша талап қою арызына пікір (қарсылық) жолдау туралы ұсынылған. Жауапкер А. сотқа талапкердің талап арызын толықтай мойындайтындығы туралы арызын жолдаған.

АПК-нің 146 б. 5 б. негізінде  сот пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін  белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Сот, АПК-нің 144-147 баптарын басшылыққа алып, «Жәнібек Саулет» ЖШС-нің талабын толық қанағаттандырып,  жауапкерден 161 352 теңге өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі