Облыстық сотта әкімшілік өндірісте азаматтардың сотпен қорғалу құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында судьялардың, прокуратура және ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР ӘҚБтК 44, 45 б. бойынша шағымдарды ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайтару және беру.  Әкімшілік жаза тағайындау барысында ҚР ӘҚБтК-нің 50 б. нормаларын сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев дөңгелек үстелді алғы сөзбен ашып, мемлекеттік органдардың және соттың жұмысының негізгі мақсаты ол заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау екенін айтты.

Қалалық прокуратураның хатына сәйкес, ведомстволық бағыныстылығы бойынша мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне және қаулысына шағым келтіруді қайтару және беру азаматтардың сотпен қорғалу құқықтарын бұзады. Сонымен қатар, Орал қ. МӘС судьясы Роза Сариева ӘҚБтК 44,45 б. материалдарды ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалу құқықтарынан ешқандай айырмайтынын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өйткені уәкілетті органның қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда олардың сотқа жүгінуге құқығы бар.

Орал қ. МӘС судьясы Б.Нұрмағамбетов өз баяндамасында ӘҚБтК 50-бабына сәйкес әкімшілік жаза ретінде қамауға алу халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (1 және 2 топтағы мүгедектер, 58 жастан асқан әйелдер, 63 жастан асқан ерлер, жүкті әйелдер және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер) қолданылмайтынын айтты. Спикердің айтуынша, әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу барысында өкілетті органға мұқият тексеру жүргізу ұсынылған. Жауапкершілікке тартылған тұлғаның өзінің дәрежесі туралы хабарламауы яғни, 1,2 топтағы мүгедек, 14 жасқа дейінгі баласы болуы немесе жүктіліктің алғашқы айларында болу жағдайы туындауы мүмкін. Сондықтан осындай жағдайда қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындау жауапкершілікке тартылған тұлғаның құқықтарын бұзады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР ӘҚБтК нормаларын сақтау бойынша ұсыныстар әзірледі.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі