Облыстық сотта БҚО соттарының 2017 жылдың 9 айында атқарылған сот төрелігі қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағаларының қатысуымен облыс соттарының 2017 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген кеңес өткізді.

Жалпы отырысты облыстық соттың төрағасы Б.Әметов алғы сөзбен ашты.

Ол өз сөзінде аталған кезеннің сот төрелігін атқару және істерді қарау барысында заңдылықты сақтау жөніндегі негізгі қорытындыларымен таныстырды. Сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту қажеттілігіне, істердің қарау мерзімдердерін сақтау, сот отырыстарының уақытылы басталуы, сондай-ақ дауларды шешу бойынша баламалы әдістерін қолданылуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды

Ағымдағы жылдың 9 айында азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін атқарудың жағдайы туралы азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов баяндады. Кеңес барысында алқа төрағасы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың азаматтық және әкімшілік істерді қарауы бойынша статистикалық мәліметтерді атады.

Облыстық соттың судьясы, БҚО бойынша судьялар әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Хабиболла Аманқұлов комиссияның жұмысы туралы баяндаса, облыс соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы туралы облыстық соттың судьясы Есенбай Боранбаев хабарлады.

Сондай-ақ кеңес барысында аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары өз баяндамаларын жасады

Онымен қатар есепті кезеңде соттармен жеберілген кемшіліктер талқыланып, оларды шешу жолдары келтірілді.

Кеңейтілген кеңестің қорытындысы бойынша облыстық сотының төрағасы судьялар корпусына әріқарай сот төрелігін атқаруды жетілдіру және сот жүйесін жаңғырту бойынша Елбасы және Жоғарғы Соттың Төрағасы айқындап берген бірқатар міндеттерді алға қойды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
Тегтер: