Мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияның шешімі заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық №2-ші сотына аудан тұрғыны жүгініп, Теректі ауданының әкіміне және «Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не жылжымайтын мүлікті және жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін заңдастыру комиссиясының шешімдерін заңсыз деп танып, мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы талап арызын келтірді.   

Азаматтық іс материалдары бойынша, талапкер 1992 жылы жеке меншікке жер телімі бар жеке үй сатып алған және олар 2007 жылы талапкердің иесіне екі рет заңдастырылған. Оған қоса жер телімінің көлемі шын мәнісіндегі көлеміне сәйкес келмеген, оны талапкер 2017 жылдың наурыз айында жеке үйді сатуға нотариусқа барғанда ғана анықтаған.

Қазіргі таңда, бұл жеке меншік жылжымайтын мүлік мемлекеттік тіркеуде бірнеше құжат бойынша тіркелініп тұрғаны заңға сәйкес келмейді, сол себептен жылжымайтын мүлікті заңдастыру комиссиясының шешімдерін заңсыз деп танып, мемлекеттік тіркеуді бұзуын сұрайды.

Аудандық сотқа жауапкерлердің өкілдерінен талап арызды мойындап және олардың қатысуынсыз қарау туралы арыздар түскен.

Сот талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі