Қылмыстық өндірістің сотқа дейінгі кезеңінде сот бақылауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық сотының судьясы А.Маженова  өңірлік «Серпін» газетінің тілшісіне сұхбат беріп, қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын Қылмыстық процестік кодексінде  көзделген тәртіппен жүзеге асыратын тергеу судьясының өкілеттілігі жөнінде әңгімеледі.

Спикер Ұлт жоспарының 22–ші қадамын орындау мақсатында тергеу судьяларының өкілетігі кеңейтілгенін, оларға берілген іс жүргізу әрекеттерін санкциялаумен қатар тағы төрт процессуалдық іс-әрекеттер: тексеру, тінту, алу және жеке тінту қарауға берілгенін атады. Бұдан басқа ҚР ҚПК-нің 217-бабы бойынша айыптаушы тарап секілді жәбірленуші тараптарда, егер сотқа дейінгі берген жауаптары ауқымы жағынан күші болмаған жағдайда, тергеу судьясы жауап алуына арыз беруге құқылы.

Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын прокурордың сонымен қатар, қылмыстық қудалау органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне шағым беру арқылы қорғау тәсілдерін түсіндірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі