БҚО МАӘС судьялары конференцияға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін БҚО Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы А.Давлетова мен судья А.Абилкаримова Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ұйымдастыруымен өткен «Заманауи ғылыми технологиялар мен инновациялар: білім берудің тұракты дамуына және көпполярлы әлемдік құрылымға үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысына қатысты.

Ғылыми конференция Қазақстан Ғылым академиясының тұнғыш президенті, академик, Геология ғылымдары институтының негізін қалаушы Қаныш Сатбаевтың туғанына 125 жыл және Ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылды.

Конференция басталар алдында барлық қонақтар "ҚазИИТУ" ғылыми-білім беру кешенінің өкілдері ұйымдастырған көрмеге барды, онда IТ және инновациялық технологиялар саласындағы өзекті әзірлемелер ұсынылды. Болашақ энергетикасынан басқа, ғылыми кешенде олар нанотехнологияларды, робототехниканы, ғарыштық технологияларды дамытумен айналысады.

Конференцияға Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. Инновациялық технологиялар, Цифрлық трансформациялар және жасанды интеллект тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: