Банктің қарыз алушының әлеуметтік төлемдер мен алимент алуға пайдаланылатын банктік шоттарын бұғаттау бойынша іс-әрекеті заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында талапкер азамат П. жауапкер банкке әлеуметтік төлемдер мен алимент алуға пайдаланылатын банктік шоттарын бұғаттау бойынша іс-әрекетін, төлем кәртішкелерін заңсыз деп тану, бұғатталған шоттарды ашуды міндеттеу, ұсталған қаражатты кейін қайтаруды жүзеге асыру талап арызымен жүгінді.

Сотта талапкер мен жауапкер арасында банктік қарызбен келісім шарт жасалып, талапкерге ай сайын 17 229 теңге төлеумен, 24 айға 380 402 теңгені құрайтын несие берілгендігі анықталды. Талапкер тарапынан банктік қарыз бойынша қайтару орындалмағанын ескере отырып,  банк талапкердің кәмелеттік жасқа толмаған баласын асырауға өндіріп отырған алиментінің «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ғы және «Қазпошта» АҚ-ғы шоттарына банктік  төлем-талабын қойған. 

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 36 б. күшіне сай, төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуға болмайды.

«Атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 98 б. 2, 12 т. сай, асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан және кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерден төлем ақыны өндiрiп алуға болмайды. Қолайсыз болып табылатын көрсетілген соманы шектеу асыраушысынан айырылуына байланысты, балаларға берілетін жәрдем ақы мен кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттер қарыз берушінің кірісі болып табылмайды, себебі ол кәмедеттік жасқа толмаған балаларды асырап бағу үшін тағайындалған, қазіргі уақытта қарыз берушінің  шоты осындай қаражатты қабылдау үшін пайдаланылып келеді.     

Сот іс-материалдарын зерттей отырып, банктің талапкердің шотын бұғаттау бойынша іс-әрекетін заңсыз деп таныды. Аталмыш іс-әрекет және түскен қаражатты даусыз есептен шығару, бұл қарыз өндіруді жүзеге асыру, яғни борышкер өзіне тиесілі мүлікке ғана жауап береді, жәрдем ақы мен кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттер төлемге жатпайды. Сонымен бірге, сот банктің шотты бұғаттап тастаған уақыттағы ақшалай қаражатты толық түрде қайтаруды талап етті, сондай-ақ, жауапкер өкіліне төленген шығынды және мемлекеттік бажды өндірді. Жауапкердің бұғаттауды ашуына байланысты, бұғаттауды ашуға міндеттеу бөліміннен бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.   

 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі