Азаматтардың бұзылған құқықтарын сотпен қорғауда жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу институтының тиімділігі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының 17 қараша 2014 жыл бұрын қолданыста болған азаматтық іс жүргізу кодексі  «Оңайтылған іс жүргізу тәртібімен  істерді қарау» 13-1 тарауымен толықтырылып, ал 2016 жылдың қаңтар айыннан аталған институті елеулі жетілдірілген болатын. Сот ісін жүргізуді одан әрі оңтайландыру, істі қарау мерзімінің қысқартылған есебінен істерді жедел қарауды (бір ай мерзім ішінде), сотқа жүгінетін субъектілердің бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін сотпен тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу институты азаматтық процеске енгізілді.

Айта кету керек, жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібі негізінен банктік қарыз шарттарының, тұрғын үй  құқықтық қатынастарынан (коммуналдық қызметтер бойынша берешектер), салық берешегін өндіріп алу туралы және залалды өтеу дауларынан туындайтын талаптар қаралады.

АПК-нің 146 бабына сай,  сот талап арызда  өнірісіне қабылдау туралы ұйғарым  шығарып, ұйғарымда істі оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын көрсетеді. Содан соң, сот  тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді. Сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Тасқала аудандық сотымен 2017 жылдың басынан оңайтылған іс жүргізумен 13 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 12 іс заңды тұлғалардың жеке тұлғалардан заем шарттарынан  берешектерін өндіру туралы, 1 іс  жеке тұлғалардығ арасындағы қолхат негізінде  берешек сомасын өндіру туралы қарады. Істерді қарау нәтижелері бойынша 10 іс  койылған талаптарын қанағаттандыру туралы шешім шығарып, 3 іс бойынша  өндірісті қысқарту туралы  ұйғарым шығарып, 1 іс медиация тәртібімен, 2 іс- талапкерлер талаптан бас тартуына байланысты аяқталған.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі