Архив событий

09/01/2017

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi

09/01/2017

Казталов аудандық сотында аудандық соттың 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сай, аудандық соттың судьяларымен және кеңсе қызметкерлерінің қатысуларымен ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы бойынша семинар сабағы өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі соты 2016 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

09/01/2017

БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 12 ай жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Шараға «Қазақстан-Орал» телеарнасының, «Мой город», «Уральская неделя», «Приуралье» басылымдарының тілшілері қатысты.

Аудандық сотта рақымшылық жасау туралы заңы түсіндірілді

09/01/2017

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне орай рақымшылық жасау» туралы Заңын түсіндіру мақсатында Шыңғырлау аудандық Ішкі істер бөлімінде аудандық сотының төрағасы м.а. А.Маженованың, прокурордың, пробация қызметкерінің сонымен қатар, пробация бақылауында жүрген сотталушылардың қатысуымен семинар өтті.

Құқық қорғау орган қызметкерлерімен семинар өтті

09/01/2017

Бөкей ордасы аудандық сотында сот қызметкерлерінің, аудан прокурорының көмекшісі Н.Саматовтың және аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатынасуымен әкімшілік-құқықтық тақырыбында семинар өтті.