Архив событий

19/01/2017

Облыс соттарының мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды

19/01/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында соттардың мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қалалық, мамандандырылған және облыстық соттарының кеңсе меңгерушілері мен мұрағатшыларына арналған семинар өтті.

Облыс соттарының 2016 жылдың 12 айында сот төрелігін атқаруы бойынша баспасөз маслихаты өтті

19/01/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Орталық коммуникациялар қызметінің БҚФ-да БҚО соттарының 2016 жылдың 12 айында сот төрелігін атқаруы бойынша республикалы және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз маслихатын өткізді.

Мамандандырылған күзет қызметінің мамандарымен өткен семинар

19/01/2017

Казталов ауданының №2 сотында Жалпақтал полиция бөлімі мен АКҚБ  қызметкерлерімен ҚР жергілікті соттарында ҚР ЖС өткізуді қамтамасыз ету бойынша және ішкі объектілерге ғимарат аумағына келушілер үшін тәртібі бойынша қағидалары талқыланып  семинар өтті.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы" Заңын талқылау бойынша «дөңгелек үстел»

19/01/2017

Сырым аудандық сотында судьялардың, Сырым  аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Нарматовтың және аудандық пробация қызметінің  өкілі Ж.Бисембиеваның қатысуымен 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.