Архив событий

26/01/2017

Ұсақ бұзақылық жасаған 1 760 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

26/01/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады.

Ақжайық аудандық сотында 2016 жылдың жұмыс қорытындысына арналған брифинг өтті

26/01/2017

Ақжайық аудандық сотының төрағасы А.Куликешев аудандық прокуратура, «Жайық таңы» газетінің, мемлекеттік кірістер басқармасының, полиция бөлімінің өкілдерінің қатысуымен 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмысын қорытындылау бойынша брифинг өткізді.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылды қорытындылады

26/01/2017

Өңірлік қоғамдық-ақпараттық «Регион ЕврАзия» газетінің тілшісінің қатысуымен өткен шара барысында сот төрағасы Марат Сисенғали  2016 жылдың 12 айы бойынша статистикалық мәліметтерді жариялап, оның ішінде түскен және аяқталған әкімшілік  істердің саны, жаза тағайындау тәжірибесі туралы хабарлады. Есептік мерзімде 7 977 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде: 598 әкімшілік іс - қысқартылды, 123  әкімшілік іс - біріктірілді, 16 әкімшілік іс - мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Тасқала аудандық сотында брифинг өтті

26/01/2017

Тасқала аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы С.Есжанов 2016 жылда атқарған жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті «Екпін» басылымының тілшілерінің қатысуымен  брифинг өткізді.