5 миллионнан астам соманы өндіру туралы талап медиция тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан  соқырлар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорыны»  ЖШС-сі  «Жәнібек  аудандық демалыс орталығы» МКҚК-нің демалыс және  мәдениет  саябағында атқарылған жөндеу  жұмыстары  үшін ақы  төлеу міндеттерін орындамағанын алға тартып, 5 592 000 теңге қарыз  және  218 088 теңге  үстемақы өндіру туралы талап арызбен сотқа  жүгінген.

Сот мәжілісінде тараптар  медиативтік  бітімгершілікке  келіп,  жауапкер берешек  сомасын  өтеуге, ал талапкер талаптардан бас тартатындығы туралы келіскен.

Сот,  тараптардың өз еркімен медиативтік келісімге келгенін ескеріп, АПК-нің 174-177, 194, 2 бөлігінің, 277 баптарына сүйеніп,  заңнамаға қайшы келмеуіне және мүдделері мен құқықтарын бұзбайтындығына байланысты бекітті.  Азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: