Ақжайық аудандық №2 сотының ұжымы қайырымдылық шарасына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Ақжайық аудандық №2 сотының ұжымы  қайырымдылық шарасына қатысты.

Төраға Тамара Гумарованың бастауымен сот ұжымы аудан әкімінің шыршасына қатысуға шақырту алға, Құрман Байсықов атындағы мектептің 4 сынып оқушысы Бибіжан Климоваға карнавал костюмын алуға көмек қолдарын созды.

Сондай-ақ, аудандық соттың ұжымы жалғыз өзі екі бала тәрбиелеп отырған Тайпақ ауылының тұрғынына да қаржылай көмек етті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі