Архив событий

22/06/2021

Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы

22/06/2021

Жәнібек аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Асель Салихова сот қызметкерлер арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)  сақтау туралы және сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл жасау туралы дөнгелек үстел өткізді.

Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын

22/06/2021

Бүгін облыстық сотта Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысы Нұрлан Қажғановтың төрағалық етуімен мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Н.Қажғанов әріптестерін мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметшінің жұмысы адамнан кең білімді, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететіндігін, сіздің біліктілігіңіз бен кәсібилігіңізге сенетін адамдарға қызмет етуден асқан мәртебелі мамандық жоқ екенін атап өтті.

Судьямен сұхбат айдары

22/06/2021

Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамасымен халыққа заң нормаларын, заңнамаға өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында «Судьямен сұхбат» айдары ашылды, бейнесұхбаттар облыстық сотының «Facebook», «YouTube» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырылады. Сұхбат қонағы Орал қаласының №2 сотының судьясы Шынаргүл Шайдиева болды, ол жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің артықшылықтары туралы айтты. 

Сұхбат барысында судья жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын, қағидаларын, негізгі мақсаты мемлекеттік орган мен басқа ұйымдар арасында туындайтын қоғамдық-құқықтық дауларды реттеуге бағытталғанын түсіндірді.

Сонымен қатар, судья кодекстің қабылдануы билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге көмектесетінін түсіндірді.

 

Құқық қорғау органдары қызметкерінің алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасы жасағаны үшін жауаптылығы

22/06/2021

2021 жылғы 21 маусымда Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Орал қаласының Абай полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. 2021 жылдың 13 маусымында түнгі сағат 03.00 шамасында ол «Фольксваген пассат» маркалы көлік құралын басқара отырып, «Ауди А4» маркалы көлік құралымен соқтығысуға жол берген. Анықталғандай, полиция қызметкері көлікті алкогольдік масаң күйінде жүргізген. Ол өз кінәсін сотта мойындады.