Архив событий

01/06/2021

Азаматтық істер бойынша сот сараптамасын жүргізу бойынша дөңгелек үстел өтті

01/06/2021

Орал қаласының  №2 сотында азаматтық істер бойынша сот сараптамасын орындау және жүргізу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына сот өрағасы Азамат Борамбаев, судьялар, сондай-ақ БҚО бойынша сот сараптамасы институтының директоры Ғалымжан Ходжамұратов, директордың орынбасары Самат Ермеков, директор сот-медицина сұрақтары бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Анастасия Ишкенова, сарапшылар – Татьяна Шерстянкина, Елена Смелова, Наталья Лукьянчук қатысты.

Атқарушылық жазба мәселелері бойынша онлайн кездесу өткізілді

01/06/2021

Жаңақала аудандық сотымен нотариус Г.Еслямғалиеваның, «Қамыс-Самар» ЖШС-нің өкілі Г.Джумагелдинаның қатысуымен атқарушылық жазба мәселелері бойынша онлайн кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – судьяларды даусыз істерден босатып, күрделі істердің шешудің сапасын арттыруға күш салып, судьялардың жүктемесін азайту. 

Шара барысында сот төрағасы С.Есжанов нотариустың даусыз істер бойынша атқарушылық жазба жасау үшін жүгінген тараптарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу екі тарапқа да тиімді екенін атап өтті. 

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің артықшылықтары түсіндірілді

01/06/2021

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданысқа енуіне байланысты Бөкей орда аудандық соты және аудан прокурорымен бірлесіп Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырды.

Сот судьялары мен мамандары әйелдер арасындағы жарыста жүлделі болды

01/06/2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай  БҚО кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі мен БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен спорттық жарыс өткізілді. «Атоян» атындағы стадионда өткен әйелдер арасындағы ашық жарысқа Орал қаласының №2 сотының және БҚО МАЭС-тың судьялары мен мамандары қатысты.  

Жарыс берпи, шахмат, жеңіл атлетика, эстафета және волейбол тәрізді спорттың бес түрінен өтті.

Іс-шараны өткізу көпшілік жарысты өткізу орталығының білікті қазыларымен қамтамасыз етілді.

Тасқала аудандық сотымен «ҚР ІІМ МҚКБ» ММ-нің қызметкерлерімен семинарлық сабық өткізілді

01/06/2021

Тасқала аудандық сотымен «ҚР ІІМ МҚКБ» қызметкерлерімен сот ғимаратына келушілер үшін өткізу және ішкі объектінің режимдері туралы, сонымен бірге  туындаған штаттан тыс ахулдар  пайда  болу жағдайы туралы семинар өткізілді.