Архив событий

08/06/2021

БҚО МАЭС-да Меморандумның қатысушыларымен жұмыс кездесуі өтті

08/06/2021

2021 жылы 7 маусымда экономикалық сот алаңында Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы, Батыс Қазақстан облысының Татуласу орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумның қатысушыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Жұмыс кездесудің мақсаты қоғамдағы қайшылық деңгейін төмендетуге      ықпал ететін дауларды сотқа дейінгі реттеу институттарын, сондай-ақ, медиация институтын жан-жақты дамытуды іске асыру үшін ынтымақтастық шеңберінде бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.