Архив событий

25/06/2021

Облыстық сотта БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

25/06/2021

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні – кәсіби мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облыстық  сотында  қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Азат Ізбасаров БАҚ өкілдерін құттықтау бойынша салтанатты іс-шара өткізді.

Шараға облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестіруші - судья Гүлнара Миниус, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі және облыстың сот жүйесінің жаңалықтарын таратуда белсенді деп саналатын БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекет және қоғамның құрылуы мен дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін жоғары бағалап, сонымен қатар, сот жүйесіне көрсетілетін ақпараттық қолдау мен әріптестік үшін журналистерге алғыс білдіріп Азат Ізбасаров БАҚ өкілдерін төл мерекесімен құттықтап, олардың сот жүйесі қызметін жарықтандыруда көрсеткен ақпараттық қолдауы үшін алғысын білдірді.

Журналистер кәсіби мереке күні кездесу ұйымдастырып, құттықтаулары мен білдірілген ықыластары  үшін алғыс сөздерін айтты.

Шара барысында сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылығын насихаттауға қосқан үлесі және осы саладағы жетістіктері үшін, өткір қалам өкілдеріне алғыс хаттар мен гүл шоқатры табысталып, құрмет көрсетілді.

 

 

Нұргүл Қанатбаева

БҚО бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы