Архив событий

03/06/2021

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері

03/06/2021

Ағымдағы жылдың 31 мамырында "Зорлық зомбылыққа жол жоқ"атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық "Зорлық зомбылыққа жол жоқ" жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Жұмыс барысында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген жоспарлы іс-шаралардың орындалу барысы талқыланып, атқарылған жұмыстар туралы есептер, жоспарларды орындаумен байланысты проблемалар және өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты проблемалық мәселелер тыңдалды.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының төрағасы таныстырылды

03/06/2021

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім облыстың сот жүйесіне жаңадан тағайындалған Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Азат Өмірбекұлы Ізбасаровты таныстырды.

Ізбасаров Азат Өмірбекұлы, 06.09.1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді.

 1999 жылдан бастап Алматы облысының ішкі істер органдарында әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді (тергеуші, бөлім орынбасары, тергеу бөлімінің басшысы).