Архив событий

04/06/2021

БҚО соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

04/06/2021

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім жалпы отырыс өткізіп, онда жаңадан тағайындалған төрағаларды таныстырды. Жалпы отырыстың жұмысына облыстық соттың судьялары, соттар Әкімшісінің басшылығы, бөлім басшылары және облыс соттары бейнебайланыс арқылы қатысты.

 «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен  судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы»   2021 жылғы 31 мамырдағы  №584 Жарлығымен облыс соттарында келесі кадрлық өзгерістер орын алды.

Азаматтық-құқықтық тақырыпта семинар өтті

04/06/2021

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Тұрсын Уразова азаматтық-құқықтық тақырыпта семинар өткізді.

 Семинарға облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинар барысында ағымдағы жылдың мамыр айындағы азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының хаттары, сот актілерінің күшін жоюға және өзгертуге әкеліп соқтырған заң  бұзушылықтарға жасалған талдау талқыланды.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай дәріс сабағы өткізілді

04/06/2021

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Эльвира Темірниязованың төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандардың қатысуымен бейнебайланыс арқылы дәріс сабағы өтті.
Э.Темірниязова қатысушыларды еліміздің рәміздері күнімен құттықтай отырып, мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы айтып өтті.