Архив событий

23/06/2021

Есірткілік масаңдық күйінде көлік құралын басқарғаны үшін бас бостандығынан айырылды

23/06/2021

21.06.2021 Орал қалалық сотында ҚК-тің 346-бабы 1-бөлігімен, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, есірткілік масаң күйіндегі көлік құралын басқарған К. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат К. көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, 22.08.2020 жылы сағат 03.30 сағат шамасында есірткілік масаң күйінде жол-жүрісі қағидасының 2-бөлігі 4-тармағы 2-тармақшасымен бекітілген заң талаптарын өрескел бұзып Согласия к-сі., 2/2 үй жанында автокөлікті басқарып келе жатып жол-патрульдік қызметкерлерімен тоқтатылған.