Архив событий

02/06/2021

Сот мамандары мемлекеттік тілді меңгеру бойынша байқауға қатысты

02/06/2021

Мемлекеттік тілді меңгеру бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау Орал қаласы әкімдігінің үлкен залында өтті.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің және соттардың қызметкерлері қатысты. Барлығы 9 адам бақ сынады.

Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар өздері туралы бейнеролик түсіріп таныстырды. Екінші кезеңде ҚР Тіл туралы Заңына қатысты сұрақтарға жауап берді. Келесі кезеңде құжаттарды мемлекеттік тілге аударды.

Әкімшілік әділет институтын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел

02/06/2021

Казталов ауданының №2 аудандық сотымен онлайн-форматта  әкімшілік әділет институтын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Судья Самал Уразгалиева іс-шараны аша отырып, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі  билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды сапалы жаңа деңгейге шығаруға бағытталғанын атап өтті.

Судьямен сұхбат айдары

02/06/2021

Елімізде микроқаржы ұйымдарының қызметі банктерге теңестірілгелі жатырғанын білеміз. Бұл дегеніміз интернет арқылы кредитті оңды-солды үлестіретін ұйымдарды бақылау күшейеді деген сөз.

Бүл күндері ақшадан тарыққан адам үшін онлайн несие – қалтаны қампайтудың ең оңай тәсілі. Мәселе 15 минут ішінде шешіледі. Қағаз-құжат жинап та әуре болмайсыз. Бәленің бәрі қарызды қайтарған кезде басталады.