қамау

Әкімшілік қамауға алынды

31/07/2015

Сырым аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас аясында құқықққа қарсы әрекет жасаған азамат С-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы өз үйінде, арақ ішкен  мас  күйінде жолдасына  былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық көрсеткен.

Отбасы-тұрмыстық қатынас аясында құқықбұзушылықты жасағаны үшін құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 73 б. 1 б. кінәлі деп танылып, 3 тәулікке қамауға алынды.

 

Атқару құжатын орындамау туралы іс

27/07/2015

Теректі ауданының №2 соты ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша соттың үкімін орындамағаны туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, өзінің тұрақты жұмысының жоқтығынан қаржылық қиындықтарға ұшырауына байланысты әкімшілік айыппұлды төлей алмай жүргенін көрсетті.

Әкімшілік айыппұл төлемеуші қамауға алынды

04/06/2015

Тасқала аудандық соты Тасқала АІІБ-ның қаулыларымен салынған жалпы сомасы 46 300 теңге әкімшілік айыппұлдарды төлеу туралы қаулыларды орындамаған құқық бұзушыға қатысты әкімшілік істі қарады.

Тасқала аумақтық бөлімінің бастығы Д.Н.Махашеваның борышкер М.Ж.Ажғалиевке қатысты 18.01.2014 жылғы ҚР ӘҚБтК-ның 175 бабының 1 бөлігі бойынша және  22.03.2014 жылғы ҚР ӘҚБтК-нің 470 бабының 1 бөлігі бойынша салынған  әкімшілік айппұл өндіру туралы қаулылары  орындалмағаны үшін, оған  ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен әкімшілік хаттама толтырылған.

Зеленов ауданының №2 соты ҚР болу ережесін бұзған тұлғаны жауапкершілікке тартты

04/05/2015

БҚО Зеленов аудандық №2 соты «Иммигранттардың Қазақстан Республикасын кіру және болу сонымен қатар, олардың Қазақстан Республикасынан шығу ережесі» талаптарын бұзған, Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Қазақстан Республикасына уақытша келген Өзбекстан Республикасының азамат тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмаған.

БҚО Казталов аудандық соты ортақ орынды ластаған тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты

13/04/2015

Казталов аудандық соты ӘҚБтК-нің 434 б. 1 б. арнайы белгіленген қоқыс төгетін орын болуына қарамастан, бірнеше ай бойы коммуналдық қалдықтарды көшеге, яғни белгіленбеген орынға төгіп келген тұлғаға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындады.

Казталов аудандық соты құқық бұзушыға бір тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ақжайық аудандық соты ұсақ бұзақылық жөніндегі 2 істі қарады

18/03/2015

Ақжайық аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің  434б. 1б. қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылған 2 адамға қатысты істі қарады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар ұсақ бұзақылық, яғни  ортақ пайдалану орынды, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Тасқала аудандық соты шекара тәртібін сақтамаған шетелдік азаматтарды үш тәулікке қамауға алды

18/03/2015

Өзбекістан Республикасының азаматтары Р.М.Холмирзаев, Ш.Ж.Шерназаров, П.Ш.Жумабоев үстіміздегі жылдың наурыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 514 б. 1 б. қарастырылған әкімшілік бұзушылықты  жасаған.

Іс материалдарынан анықталғандай,  аталған азаматтар Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына дала жолымен бағыт ала отырып,  ҚР мемлекеттік шеқарасының белгіленбеген жерінен өтіп, «Тасқала-автомобильное» өткізу бекетінде шекара қызметкерлеріне ұасталған.

Елден шығудан жалтарғаны үшін қамауға алынды

12/03/2015

Тасқала аудандық сотында Қазақстан Республикасында мекендеу ережелерын  бұзып, тіркелген кезде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзімнен кейін, 3 тәулік ішінде елден  шығудан жалтарған  Ресей Федерациясының азаматы Нигмановқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Тасқала аудандық сотының қаулысымен Ресей Федерациясының азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды.

10 тәулікке қамауға алынды

12/02/2015

Зеленов аудандық соты  Зеленов АІІБ тергеушісінің ҚР ҚК 293 бабының 3 б. 2 т. қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен Е.С. Альбековқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарады.

Қоршаған ортаға сыйластық танытпау, құқық бұзушылықты туғызады

22/01/2015

 

Зеленов аудандық соты ҚР ӘҚБтК 330 бабының 1 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Н.Утебаевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы Н.Утебаев мас күйінде Р.Мусакуловтың тарапына былапыт сөйдер айтып, автокөлігін теуіп, ескертуге мән бермей, айналасындағыларға сыйламаушылық танытқан.

Беттер