Тоқсандық жұмыс қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2014 жылғы бірінші тоқсанында сот төрелігін атқарудың қорытындыларына арналған кеңейтілген жалпы отырысы болды.

Жалпы отырысты ашқан облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев күн тәртібіндегі негізгі мәселеге кіріспес бұрын жағымды жаңалықтарға кезек бергелі отырғанын жеткізді.

Судьялардың жиыны жаңадан тағайындалған судьялардың ант беру рәсімінен басталды.  Мұнан кейін облыстық соттың судьясы Марат Жүнісовке Қазақстан Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісі табыс етілді.

Бірінші тоқсанда облыс соттарында сот төрелігін атқарудың қорытындылары бойынша азаматттық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б. Бегалиев және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Нағашыбаев, кассациялық алқаның жұмысы және судялардың әрекетіне шағымдар  жөнінде В.Булавцева баяндама жасады.

Сондай – ақ, жалпы отырыста Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның жұмысы жайында, комиссия төрағасы Х.Аманқұлов, тоқтатылған істердің жай – күйі туралы облыстық соттың судьясы Ғ.Қырықбаевтар қосымша хабарламалар жасады.

Қазақстан Судьялар Одағы облыстық бөлімшесінің төрағасы Ғ.Ишанов мамыр айында Орал қаласында өтетін Батыс аймақ судьяларының спартакиадасына дайындық  және судьяларды емделу мекемелеріне беркіту мәселелері жөнінде хабарлама жасап, мағұлматтар берді. 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі