Архив событий

18/04/2014

Шетелдікті қамауға алу мерзімі ұзартылды

18/04/2014

Орал қалалық соты педофил деп айыпталған Ұлыбритания елінің азаматын қамауға алу мерзімін ұзартты.

Тергеу органдары шетелдікті қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен сотқа жүгінген. Бұл әрекеттерін олар шетелдік азаматтың қамауға алынған екі ай мерзімінің  7 сәуірде біткендігін, сонымен бірге, іс бойынша бірқатар тергеу амалдарын жүргізу қажеттігімен түсіндіреді. Бұдан басқа қылмыстық іс материалдарын ағылшын тіліне аудару  және оны айыпталушыға таныстыру үшін уақыт қажет. Осының бәрі кем дегенде 1 ай қосымша уақытты талап етеді.