Архив событий

22/04/2014

Сот медиациясын енгізу жөніндегі пилоттық жоба

22/04/2014

2014 жылдың сәуір айында судьяның жәрдемдесуімен жүзеге асатын бітімгершілік рәсімдерінің пилоттық жобасы енгізілді.

Бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту мақсатында 2014 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асыру туралы Ережесі мен Жоспары бекітілді.

Жәбірленушінің өлімі

22/04/2014

Бөрлі аудандық соты кәмелетке толмаған  жасөспірімге  қатысты бұлтартпау шарасымен 2  ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

13.04.2014 жылы Ақсай қаласындағы «Арман» түнгі клубының қасында төбелес болған. Төбелес барысында он жеті жастағы колледж студенті танысына  дене жарақаттарын келтірген. Жәбірленуші алған жарақаттардан есін жимастан,  аудандық ауруханада қайтыс болған. Осы факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 103-бабының 3 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

 

Іс сотқа түсті

22/04/2014

Кәсіпкер Виталий Каркуланың өліміне қатысты айыпталғандардың  қылмыстық іс БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне түсті.

Облыстың үш тұрғынына Қылмыстық Кодекстің бес бабы бойынша айыптау тағылды. Олар адам өлтіру, қарақшылық шабуылмен қылмыс жасауға оқталу, бандитизм, заңсыз қару ұстау бойынша айыпталып отыр. Бұл баптар бойынша 10 жылдан 20 жылға дейін, сонымен қатар өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.