Архив событий

25/04/2014

Жолдаманың жыры

25/04/2014

Азаматша  Г. 2013 жылдың 17 маусымында «Лидер тур» ЖК кеңсесіне жүгінгенімен тиісінше қызметтер көрсетілмегенін алға тартып, аталмыш кеңсенің басшысы Б-дан  төлеген ақшасын мәжбүрлеп қайтарту туралы сотқа  талап арыз түсірген.

Оқуға кеткен шығынды өндіру

25/04/2014

Қазақстан Республикасының  «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, ІІМ арнайы жоғары оқу орнының күндізгі бөлімін бітірген ішкі істер органдарының қызметкерлері ішкі істер органдарында кем дегенде 5жыл жұмыс жасауға міндетті. Ал, қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңінде степендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған, бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұсталуға жататын сомма келісім-шарттың мерзімі анықталғанға дейін әрбір толық өткерілмеген айға бара-бар есептеледі.

Моралдық және материалдық шығын өндірілді

25/04/2014

Орал қаласының  №2 сотында  талапкер Х. азаматтық  талап арызы қаралды.

2013 жылдың  31 қаңтар айында  орын алған жол көлік  оқиғасы салдарынан  Х-ның денсаулығына  зиян келген. Осыған орай емделуге  шыққан шығынның өтемі ретінде  соттан   материалды шығын 134217 теңге және   моральдық шығын 500000 теңгені өндіртуін  сұрады.

Сот, АІЖК 110, 217, 221 басшылыққа  алып, жауапкерден   Х –ның пайдасына  134 217 теңге материальдық шығынды және  100 000 теңге  моральдық шығынды өндіртуді шешті.

 

Қарызы өндірілді

25/04/2014

Орал қаласының №2  сотында ақша өндіру жөніндегі талап арыз қаралды. Анық болғандай, азамат К. 2011 жылдың тамыз айында азаматша С-ға 500 000 теңге қарызға беріп, 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап, ай сайын 20 000 тенгеден беріп, соңғы төлемін 2013 жылдың қазан айында толық қайтаратын болып келіскен. Алайда, С.  алған қарызын уақытында қайтармаған. Осыған байланысты, аз. Қ. жауапкерден 485 000 теңге қарызын, мемлекеттік баж үшін төленген  4 850 теңге мен  қорғаушының қызметіне төленген 50 000 теңге ақшасын өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Алимент өндіру

25/04/2014

Орал қаласының №2 сотында  алимент өндіру туралы талап арызы қаралды

Сот мәжілісінде Г. талабын толық қолдап, жауапкермен 1999 жылдан 2010 жылдың қазан айына дейін некеде тұрғанын, бұл некеден 03.12.1999  және 21.07.2001 жылы туылған ортақ балалары барын айтты. Қазіргі кезде балалары өзінің тәрбиесінде, ал жауапкер кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға ешқандай көмек көрсетпейтінін жеткізді. Сондықтан ортақ кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу үшін жауапкерден өз пайдасына тиісті мөлшерінде алимент өндіруді сұрады.

Дауға негіз болған дуал

25/04/2014

Орал қаласының тұрғыны  К. көршісінің үйімен арада орналасқан  дуалды бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Іс материалдарынан анық болғандай талапкердің үйінің бір терезесі жауапкердің ауласына қараған және жауапкер көршісіне терезесін алып тастауды ұсынып, олай болмаған жағдайда сотқа жүгінетінін ескерткен. Алайда сол кезде сотқа жүгінбеген. Ал, көршісі терезені биіктігі 2,5 метр болатын профлистпен жауып тастаған. Осының салдарынан талапкердің үйіне жарық түспейді және үйдің қабырғасына жөндеу жұмыстарын жүргізуге де кедергі жасаған.